ҰБТ-ға телефон алып кірген 267 түлек тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰБТ-ға телефон алып кірген 267 түлек тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

28.06.2022

Ұлттық бірыңғай тестілеуге шпаргалка, телефон алып кірген 267 оқушы тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Ал жалпы сынақ басталған алты аптаның ішінде 220 мың талапкер тест тапсырған. Оның 76 пайызға жуығы қазақ, 24 проценті орыс тілінде.

ҰБТ-ға қатысуға 290 мың өтініш түскен, іс-шара 5 шілдеде аяқталады.

Биыл ҰБТ-ға кіргізу үш деңгейлі жүйе бойынша жүзеге асып отыр. Face ID жеке басын сәйкестендіру арқылы, жеке куәлік бойынша, сондай-ақ отырғызу орнында жеке басын сәйкестендіру жүргізіледі. Тестілеу «1 компьютер – 2 камера – 1 тестіленуші» қағидаты бойынша өтеді. Еске салайық, талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады.

Хабарламаларға жазылу