Бүгін елордада Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің түлектері салтанатты түрде диплом алды.
Биыл оқу ордасын тігін саласы, ет өнімдерін өндіру, кондитер өндірісі мен тамақтану саласындағы қызмет көрсету мамандықтары бойынша 458 студент тәмамдады. Олардың көбі өз салалары бойынша жұмысқа орналасқан.
Сондай-ақ іс-шараға келген қонақтар оқу ордасының жұмысына сәттілік тілеп, түлектерді құттықтады.
Зәуре Қылышбаева, Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің директоры:
Бүгінде 39-шы түлектерді шығарып салып отырмыз. Олардың бәрі бәсекеге қабілетті маман иелері боп шығып отыр.