“Қазпоштада” халықаралық жаңа қызмет. Осы уақытқа дейін ауыл-аймаққа хат-хабар жеткізетін қоғам, енді жүк тасымалын іске қосты. Бұл логистикалық сервис қызметі. Әріптесім Асылбек Данияр “Қазпоштаның” жүк тиелген көліктерін аралап, жүргізушілерімен жүздесіп қайтты.
Бұл жерде Қазақстан бойынша заңды тұлғалардың жіберген заттары "А" нүктесінен "Б" нүктесіне жеткізіледі.
Елдің аманат еткін коммерциялық жүктерін діттеген жеріне жеткізу тікелей жүргізушілерге байланысты. Ғалымжан Садықов - «Қазпошта» акционерлік қоғамында 3 жылдан аса уақыттан бері қызмет етеді. Қазақстан ішінде және шетелге заңды тұлғалардың берген жүгін жеткізіп береді.
Ғалымжан Садықов, «Қазпошта» АҚ жүк көлігінің жүргізушісі:
Иә, біз жай ғана жүргізуші емеспіз, біздің иығымызда тұрады негізінен жүкті қабылдап алу, жеткізу. Елдің сәлемдемесін жеткізу ол жүргушінің мойнында болады негізінен. Техникаларымыз бұрын ескі болатын, қазір 26 машина алып жатыр. Көріп тұрғандарыңыздай осындай техника.
«Қазпошта» Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бұйрығына сәйкес уәкілетті экономикалық оператор және кеден өкілі болып есептеледі. Бүгінде олар логистикалық үдерістерді жеделдету және оңайлату үшін клиенттің сұранысы бойынша кез келген бағытта кедендік рәсімдеуді жүргізеді.
Ерлан Әміржанұлы, «Қазпошта »АҚ қоғамы «Логистикалық сервис» филиалы логистика бөлімінің бас менеджері:
Уәкілетті экономикалық клиенттерге кедендік рәсімдеу қызметтерін ала отырып, логистикалық қызметтерді бірге алып комплекстік қызметті көрсете аламыз. Егер де Қытайдан жүк келіп жатса коммерциялық, біз оны кедендік рәсімдеу жасап одан кейін ол жүкті жүк тасмалдау қызметін атқарып, керекті жеріне жеткізіп береміз.
Жолданған заттарды қауіпсіз жеткізу мақсатында биыл акционерлік қоғамның автобазасы жаңартылған. Барлығы ұзақ жолға шыдайтын «КАМАЗ» маркалы жүк көлігі. Автокөліктер білікті жүргізушілермен қамтылған.
Асылбек Данияр