Қазақстан аумағында бала саудасымен айналысқан сайт жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы Алматы қаласының прокурорлары хабарлады. Қадағалау органының мәліметінше, жаңа туған баласынан бас тартқысы келген жас келіншектер уәкілетті органдар мен соттың тиісті шешімінсіз, заңда белгіленген тәртіпті бұзып, "сатып алуды" ұсынған. Сайтта бала асырап алғысы келетіндердің хабарландырулары да жарияланған. Әлем желі 2010 жылы тіркелген. Қазақстанда соңғы бір жылда жұмыс істей бастаған. Осы уақыт аралығында бүлдіршіндерді сату және сатып алу бойынша 50-ге жуық адамның өзара уағдаласқаны анықталды. Екі факт тіркелді. Материалдар құқық қорғау органдарына адам саудасы бойынша тексеруге жіберілді. Егер олардың қылмысы дәлелденсе мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ізбасар Масақбаев, Алатау ауданының прокуроры:
Біреуі 21-де, екіншісінің жасы 25-те. Біреуі Түлкібас ауданының тұрғыны. Екіншісі Алатау ауданының тұрғыны. Бір факт бойынша счәбиді басқа ата-аналардың қолына берілгені анықталды. Екінші факт бойынша дүниеге әкелген ана баланы басқаға беруден бас тартты.
Қуан Нұрақын