«Арселор Миттал Теміртау» компаниясына қарасты көмір шахтасынан 178 олқылық табылған. Түсіп Күзембаев атындағы шахтаға жүргізілген тексеріс кезінде көптеген қауіпті өндіріс нысандары мен тозығы жеткен техникалық құрылғылар анықталған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі өндірістік қауіпсіздік комитетіне қарасты облыстық департамент өкілдері мәлімдеді. Тексеріс барысында кеніштегі 71 өндірістік нысанның техникалық жабдықталуы мен қауіпсіздігі толық қаралған. Компанияға айыппұл салынды.
Руслан Нұрланұлы