Әскерге барудан қашқан студенттердің видеосына Қорғаныс министлігі түсніктеме берді. Әскери комиссариат қызметкерлерінің айтуынша бұл 10 күн бұрын түсірілген видео.
Мұнда колледж студенттерінің терезе арқылы әлдебіреулерден қашып жүргенін көруге болады. Негізі бұл күні қыз-жігіттерге диплом табысталып, оқу орынында кішігірім мереке болған. Алайда көңілді кешті әскери комиссариат қызметкерлері бұзған. Бірақ әскерден қашқандар терезе арқылы сытылып үлгерді. Министрліктің хабарлауынша, оларды ешкім күштеп әкетпейді. Сол күні бозбалаларды жай ғана медициналық тексеруге апару көзделген екен. Құзырлы мекеме өкілдерінің айтуынша, әскерде қызмет ету әрбір азаматтың борышы. Шақырту қағазын алғандар комиссариатқа келуге міндетті. Жалтарғандарға жауапкершілік қарастырылған.