Канада полициясы банктердің біріндегі атыста қарсылық көрсеткен екі қарулы ер адамды атып тастады. Саанич қаласында болған оқиға кезінде 6 тәртіп сақшысы жараланған. Күдіктілердің көлігінен жарылғыш зат табылды. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланған. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Кейбір мәліметтерге қарағанда, полиция осы оқиғаға қатысы бар үшінші күдіктіні іздестіріп жатыр.
Арай Төлегенқызы