Қашағанда газ өңдеу зауытын салып жатқан компания мемлекет меншігіне өтеді. Мұндай ақпарат Үкіметтің ресми сайтында жарияланды. «GPC Investment» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі республикалық меншікке беріледі. Үкімет тиісті қаулы қабылдады. Айта кету керек, бұл компания – «Қашаған кен орны шикізатының базасында қуаты 1,15 миллиард метр куб газ өңдеу зауытын салу» жобасының операторы. Жеке инвестор жобаны іске асыруды жалғастырудан бас тартқан. Сондықтан, «GPC Investment» «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының балансына беріледі. Осы арқылы ішкі нарықты бағасы қолжетімді тауарлық және сұйытылған газбен қамтамасыз етуді арттыруға, сондай-ақ зауыт құрылысының жобасын уақытылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Асылбек Данияр