Болгария Ресей елшілігінің 70 қызметкерін шпиондық жасады деген күдікпен еліне қайтарып жатыр. Оның неткен тыңшылық екені әзірге белгісіз.
Сонымен қатар, бұл шараның өзге бір мақсаты – Мәскеудің дипломатиялық миссиясы штатының көлемін қысқарту.
Мемлекет аумағынан шығарылатын ресейлік дипломаттар үйлеріне шілденің 3-не дейін оралулары керек.
Ресей сыртқы істер министрлігі Софияның дипмиссия персоналын қайтарпу шешіміне екіжақты қатынастарды бұзуға бағытталған әрекет деген түсініктеме берді.