Солтүстік Қазақстанда 3 жасар бала көкжөтелге шалдықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда 3 жасар бала көкжөтелге шалдықты

29.06.2022

Солтүстік Қазақстанда 3 жасар бала көкжөтелге шалдықты. Бұл биыл өңірде тіркелген алғашқы жағдай. Қазір науқас тиісті ем алып жатыр. Сәбидің ата-анасы жұқпаға қарсы екпе алудан бас тартқан.

Мамандардың айтуынша көкжөтел - тыныс алу жолдарын зақымдайды. Ауа тамшылары арқылы жұғады. 2020 жылы теріскейде көкжөтелге шалдыққан 15 адам тіркелсе, былтыр ауырғандар болмаған.


Хабарламаларға жазылу