Мәди Ахметов: 5000-нан астам қазақстандық құдықтан су тасуға мәжбүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәди Ахметов: 5000-нан астам қазақстандық құдықтан су тасуға мәжбүр

29.06.2022

Мемлекеттік бағдарламарды қайта қарау қажет! Атап айтқанда ауылдық жерлерде жұмыс орындарын ашып қана қоймай, жас мамандарды тарту үшін сапалы материалдық-техникалық база мен әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым құрылуы тиіс. Бұл туралы «AMANAT» партиялық бақылау комитетінің кезекті отырысында айтылды. Сондай-ақ, жиынға қатысқан депутаттар «Ауыл - ел бесігі» және «Дипломмен ауылға» жобаларын талқылап, кей олқылықтарына тоқталды.

Мәди Ахметов ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Жыл сайын жобаны қаржыландыруға бағытталған қаражат еселеп артқанымен, нәтиже әлі күнге дейін көңілге қонымсыз, сапа сын көтермейді. Әлі күнге дейін ауылдық жерлерде шешімін табуды талап ететін бірқатар проблемалар бар. Елімізде 1500-нан астам ауыл орталықтандырылған сумен қамтылмаған. Бұл дегеніміз 5644 мың отандасымыз құдықтан су тасуға мәжбүр деген сөз.


Хабарламаларға жазылу