Павлодар облысында жол апатынан бір адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

30.06.2022

Павлодар-Екібастұз бағытындағы тас жолда жеңіл көлік аударылып, жолаушылап келе жатқан әйел қаза тапты. Алдын ала анықталған мәліметке қарағанда, жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалған. Қазір ол Екібастұз қаласының ауруханасында жатыр. Автокөлік айып тұрағына қойылып, сараптама тағайындалды.

Еске салайық, екі күн бұрын дәл осы жолдың бойында «Тойота» жеңіл көлігі КАМАЗ-ға соқтығысып бір адам көлік ішінде жанып кеткен еді. «Тойота» жүргізушісі мен тағы бір жолаушы ауруханада жатыр.


Хабарламаларға жазылу