Алматыда тұрғын үй кешені салынып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда тұрғын үй кешені салынып жатыр

30.06.2022

Алматыда тозығы жеткен баспаналардың 40 пайызы Түрксіб ауданында. 1930-1975 жылдар аралығында салынған екіқабатты 1200-ден астам ескі үй бар. Бұл туралы бүгін Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуінде қала әкімі Ерболат Досаев айтты. Оның сөзінше, қазір 211 пәтерлік сегіз көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. Төрт кешен жыл соңында пайдалануға беріледі. Ауданның қордаланған мәселелерін айтуға жиналған халықта есеп болмады. Тұрғындар көтерген проблемалардың басым бөлігі жол сапасы, ауыз су мен кәріз жүйесі, мектеп және емдеу мекемелеріне қатысты.

Ерболат Досаев, қала әкімі:

Нұршашқанға бәрі орынды болса, таңдаған компаниямыз жұмысын уақтылы бітірсе, ендігі жылдың соңына дейін істеп береміз. Жыл сұрап отырсыз ғой. 1,5 жыл шыдай тұрыңыз. 

Сондай-ақ бүгінгі кездесуде Алматы әкімі әуежай маңындағы жол айрығының құрылысы қашан аяқталатынын айтты. Жоспарға сәйкес Бұқтырма көшесі мен Құлжа тасжолы қиылысындағы құрылыс жыл соңында тәмамдалады. Жол айфрығы 2019 жылдан бері салына бастады. Алғашында құрылыс 2022 жылдың ақпан айында аяқталады делінген. Алайда мерзімінен кешіктірілді. 

Хабарламаларға жазылу