Қаңтар оқиғасы: Жаппай ереуілге қатысы бар 514 күдікті қамауда отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаңтар оқиғасы: Жаппай ереуілге қатысы бар 514 күдікті қамауда отыр

30.06.2022

Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай ереуілге қатысқан 514 күдікті қамауда отыр. Бұл туралы Бас прокуратураның 1-ші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты. Олар ғимараттарды өртеуге, атыс қаруларын ұрлауға, мемлекеттік нысандарға және орган қызметкерлеріне шабуылға белсенді түрде қатысқандар. Ұрланған 2 мыңнан астам қару әлі табылған жоқ. Оның 813-і табельді қару. Жалпы қаңтар оқиғасы бойынша 445 адам сотталды. Олардың арасында бұрын сотталып, жаза мерзімі бітпегендер де бар. Мемлекет басшысының жазаны ауырлататын себептер болмаған кезде, оны жеңілдету жөніндегі тапсырмасына сәйкес, қару, оқ-дәрі ұрлаған 55 адамның жазасы жеңілдеді.

Елдос Қилымжанов, ҚР Бас прокуратурасы қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары:

«Мысалы, Талдықорған қаласының тұрғыны «Glock» қарулы пистолетін, оған оқ-дәрілерді және 5 жарық-дыбыс гранаталарын ұрлаған. Аталған азамат өз кінәсін мойындады және жасаған ісіне өкінді. Сондай-ақ тергеу барысында қылмыстық қудалау органына көмек көрсетті. Осы мән-жайларды ескеріп, оған 3 жыл 6 ай мерзімге шартты жаза тағайындалды».

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу