Испанияда Ryanair әуекомпаниясының бортсеріктері ереуіл жариялады. Олар үш күн бойы жұмысқа шығудан бас тартып отыр. Кәсіподақтардың мәлімдеуінше, ирландиялық әуе компанияның жергілікті еңбек заңдарына бағынбауы наразылық тудырған. Басты талап - ең төменгі жалақыны өсіру, еңбек ету жағдайларын жақсарту. Бұдан бөлек, Easyjet әуе компаниясының бортсеріктері де 9 күндік ереуіл жарияламақ. Олар еңбекақының 40 пайызға өскенін қалайды. Ереуіл саяхатшылардың көбеюімен тұспа-тұс келіп отыр. Одан әуежай жұмысында біраз қиындықтар туындады.
Арай Төлегенқызы