Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің қызметкерлері миллиардтаған қаржыны айналымға жіберіп, үш жыл бойы салық төлемеген кәсіпкерлерді ұстады. Олар 13 компания ашып, оны белгісіз тұлғаларға рәсімдеген. Сөйтіп осы фирмалардың атынан заңды тұлғаларға жалған шот-фактуралар жазып берумен шұғылданады.
Өкілетті орган 2019 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде 6,5 млрд. теңгеге жалған құжат берілгенін анықтады. Қаржылық операцияға екі адам басшылық еткен.
Әлібек Әбділов, ҚР қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
Легин мен Рыжаковтың қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке төленбеген салықтар түрінде 2 млрд. теңгеден астам сомаға залал келтірілді. Сот екеуін де кінәлі деп танып Легин Вильгельм Робертович пен Рыжаков Сергей Александровичті 2 жыл 9 айға бас бостандығынан айырып, Легиннен 13 млн. теңгеден астам ақша тәркілеу туралы үкім шығарды.