Көкшетауда қарулы қақтығыс болып, 15 адам ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда қарулы қақтығыс болып, 15 адам ұсталды

01.07.2022

Көкшетаудың Қарасай айналма жолы бойындағы автодромда қарулы қақтығыс болып, 15 адам ұстады. Оқиға орнына жеткен арнайы жасақ пен жедел-тергеу тобы жанжалға қатысқандарды түгел анықтады. Олардың бәрі 22 мен 40 жас аралығындағы Көкшетау мен Қарағанды қаласының тұрғындары. Ұсталғандардан травматикалық тапаншалар, пышақ пен кастеттер тәркіленді. Осы іске қатысты қаруды заңсыз сақтау және тасымалдау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Хабарламаларға жазылу