«Болашақ» бағдарламасын ауыл тұрғындарына жеңілдетілген шарттар ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Болашақ» бағдарламасын ауыл тұрғындарына жеңілдетілген шарттар ұсынылды

01.07.2022

«Болашақ» бағдарламасына ауыл квотасымен құжат тапсырғандар, кепілге мүлік қоймайды. Алайда үміткер соңғы үш жыл ауылда тұрып, екі жыл сонда жұмыс істеуі керек.Мұны «Халықаралық бағдарламалар орталығы» хабарлады. Егер ауыл квотасы арқылы өтініш берушіде кепілге қоятын мүлік болмаса, бес гарант ұсына алады. Олар жасы елуге толмаған, бір жылдық тұрақты табысы бар Қазақстан азаматы болуы шарт. Үміткерлер дипломының орташа балы кемінде 2,67 ал шет тілі бойынша IELTS 6-дан кем болмауы қажет.

Биыл «Болашақ» халықаралық стипендиясына құжат қабылдау 14 қазанға дейін жалғасады. Магистратура және резидентурада оқу үшін 385, докторантураға 60 стипендия бөлінген. Бағдарлама шарты бойынша мемлекет студенттерге оқу ақысын, ай сайынғы стипендияны, екі жаққа ұшып қайтуды және медициналық сақтандыруды төлейді. 

Хабарламаларға жазылу