Нағыз қазақ - домбыра. Елордада Ұлттық домбыра күніне орайластырылған челлендж ұйымдастырылды.
«Алтын домбыра» өнер орталығында тәлім алатын 40-қа жуық оқушы «Ерке сылқым», «Келіншек» күйлерін орындады. Мақсат - өскелең ұрпақтың домбыраға деген қызығушылығын оятып, дәстүрлі музыка өнеріне баулу. Ұйымдастырушылар «халқымыз домбыраға үкі тағып, төріне ілген. Күйшілерді төредей күтіп, төбесіне көтерген. Осы игі үрдісті жалғастыру аса маңызды» дейді.
Ержан Ерсайынұлы, ҚР АҚДМ «Қоғамдық келісім» РММ аға сарапшысы:
Рухани жаңғыру бағытында жасалып жатқан жұмыстардың сүбелі қадамдарының бірі деп айтсақ қателскен болмаймыз. Қазірге кезде балалардың домбыраға деген қызығушылығы оянып, бұқаралық сипатқа ие болып отыр деп айтсақ қателеспейміз.
Нұрислам Сарманов, шараға қатысушы:
9 сыныпқа өтейін деп жатырмын. Домбыра кішкентай кезімнен үйренгім келген. Маған ұнайды күйлер. Мен өзім 20-ға жуық күй шерте аламын.