Елордада Халықаралық нейрохирургиялық форум басталды. Шараға 15 елден 200ден астам білікті маман жиналды. Олар алдағы үш күн бойы өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасады. Медицинаның соңғы жетістігімен бөліседі. Форум аясында Жапония, Израйль, Швейцария, Ақш, Ұлыбритания, Австрия, Германиядан келген жетекші мамандар ғылыми баяндамасын ұсынады. Шеберлік сағаттарын өткізеді. «Нейрохиругия: тарих, қазіргі заман, тұлғалар» атты кинофестиваль ұйымдастырылып, көпшілік назарына деректі фильмдер ұсынылады.
Салемм Абдулрауф, дүниежүзілік нейрохирургиялық қоғамдастықтардың президенті:
Қазақстандағы нейрохирургия саласының қарқынды дамығаны мені таң қалдырды. Соңғы рет бұл елде 2014 жылы болғанмын. Сіздердің осы уақытта жасалған көптеген жетістіктеріңіз мақтануға тұрарлық. Мен осы форум аясында ми тамырларына жасалатын ерекше операция түріне қатысты шеберлік сағатын өткізіп, тәжірибеммен бөлісемін.
Нейрохирургия орталығының ашылғанына 14 жыл. Осы уақыт аралығында 35000-нан астам операция жасалды. Бұрын-соңды Орталық Азияда болмаған 70 тен астам жаңа технология енгізілді. Соның бірі «Гамма найф» аппараты арқылы жасалатын операция. Ерекше тәсілмен бас ми ісігіне, қан тамыры ауруымен науқастанғандарға кеспей тілмей, ауыртпай 500-ге жуық операция жасалды.
Серік Ақшолақов, ұлттық нейрохирургия орталығының басқарма төрағасы:
Жылына 4 жарым мыңдай операция жасамйзы. Соның 70-80 пайызы бұрында шетелге баруға мәжбүр болатын. Қазір олардың бәріне, тегін сапалы жоғары технологиямеен көмек көрсетеміз. Бұл форумда біз енді қандай технология ензіліп жатыр, соны бәрін өз көзімізбен көріп, әрман қарай дамуымызға өте әсер етеді деп ойлаймын.