Қызылорда облысы: 15 адам конго-қырым қанды безгегіне шалдықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысы: 15 адам конго-қырым қанды безгегіне шалдықты

01.07.2022

Қызылорда облысында кенеден келетін кесел өршіп тұр. Бүгінде аймақта зиянкестерден жапа шеккен 15 адам Конго-Қырым қанды безгегіне шалдыққан. Жалпы аймақта кененің ошағы ретінде 116 елдімекен айқындалған.

Мамандардың айтуынша науқастардың көбі дертін асқындырып барып медициналық көмекке жүгінген. Яғни, басым бөлігі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Өлім-жітім жағдайы тіркелген жоқ. Дегенмен, дәрігерлер жан сақтау бөлімінде жатқан науқастардың өмірі үшін күресіп жатыр. Көктемде далалық жерлер мен қора-қопсыларға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілсе де одан оң нәтиже болмай тұр. Бүгінде облыста Конго-Қырым қанды безгегін тасымалдайтын зиянкестер күрт көбейіп, эпидахуал күрделенген.

Әлия Әбдіқайымова, Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының қоздырғышын тасымалдайтын 16 түрі бар. Экзотты кенелердің 16 түрі бар. Оның 4-еуі осы оңтүстік Қазақстан Түркістан облысына тиесілі, сол облыстарда кездесетін кенелер. Бүгінгі күні малдың миграциясы осы екі облыс ортасында өте жоғары. Соның салдарынан экзотты кенелердің түрлері де жылдан жылға өсіп келе жатыр.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу