«Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заң жобасы әзірленіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заң жобасы әзірленіп жатыр

01.07.2022

«Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заң жобасы әзірленіп жатыр. Құжатқа сәйкес, омбудсмен кез келген мемлекеттік органға немесе лауазымды тұлғаға тәуелді болмайды. Есеп бермейді. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова мәлімдеді. Омбудсмен азаматтардың бұзылған құқығын қалпына келтіруге көмектеседі. Олардың шағымы бойынша Конституциялық сотқа арыз беруге құқылы. Ата заңға енгізілген өзгерістердің бір тармағы құқық қорғау институттарының әлеуетін арттыруға бағытталған, - дейді ол.

Эльвира Әзімова, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл:

Бұл тәжірибе халықаралық оң тәжірибеге жатады. Себебі қазіргі уақытта мемлекеттердің көбісі Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесін күшейтіп, тек мемлекеттік оргнадарға ғана емес, сонымен бірге сот арқылы адам құқықтарын қорғауға мүмкіншіліктері бар.

Конституциялық сот азаматтар құқығын қорғау бойынша ауқымды жұмыстарды атқарады. Енді бақылаушы органға кез келген адам жүгіне алады. Қазір Конституциялық кеңеске азаматтар тікелей шағымдана алмайды. Тек жалпы соттар арқылы жүгінуге құқылы. Институт тиімді жұмыс істей алмады, - дейді мемлекеттік орган өкілдері. Соңғы 26 жылда кеңеске соттардан небәрі 80-ге жуық ұсыныс түскен. Әлемде 70 мемлекетте Конституциялық сот бар. Кейінгі жылдары Түркия Мажарстан, Өзбекстан мен Беларусьте жұмыс істей бастады.

Бақыт Нұрмұханов, ҚР Конституциялық кеңесінің аппарат жетекшісі:

Азаматтардың мұндай органдарға жүгінуінің шарттары бар. Шетелдік тәжірибе көрсеткендей ондай шарттарға келесілер жатады. Бірінші, ол заң сол азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты тікелей қолданылуы керек. Ол азамат басқа құқық қорғау интситуттарынан, атап айтқанда сот сатыларынан өтуі керек.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу