Ақтөбедегі медицина университетінде оқу ақысы 200 мың теңгеге қымбаттаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбедегі медицина университетінде оқу ақысы 200 мың теңгеге қымбаттаған

01.07.2022

Ақтөбедегі медицина университетінің студенттері оқу ақысының бірден екі жүз мың теңгеге қымбаттағанына наразы. Айтуларынша, білім ордасының басшылығы екі ай бұрын шығарған шешімдерін ата-аналар мен шәкірттеріне енді ғана айтқан. Келісім-шрт бойынша, мұндай шешімді алдымен қамқоршылар кеңесімен ақылдасуы керек еді дейді.

Бүгін білім ордасының алдына жүзге жуық студент жиналды. Оқу ақысының қымбаттағанына наразы ата-аналар да келген. Айтуларынша, бұған дейін олар жыл сайын оқу ақысына 790 мыңнан төлеп келген. Ал,жаңа талап бойынша енді бір миллионнан төлеулері керек.

Лаура Әбжет, 3-курс студенті:

Осы жерде тұрған студенттердің көбі пәтердже тұрады. Оның төлейтін ақшасы бар. Алайда, мына универге митллион төлеуге тұрмайды. Кіттай, қуықтай бөлмеде 20 студент отырамыз. Ыссы жерде. Бізде еш условия жоқ. Біздер даже парта да жоқ. Кішкентай бірінші кластың стульчиктерінде отырып оқимыз. Сондай жағдайда миллион ды біз қалай төлейміз?

Ата-аналар да білім ордасының бұл әрекетін түсіне алар емес. Мұндай шешім біздің келісімімізбен болуы керек еді дейді. Оның үстіне көбінің миллион теңге төлейтіндей жағдайы жоқ.

Айзат Сағынғалиева, ата-ана:

Біз онымен келіспейміз.Мысалы,мен жалғызбасты анамын. Мен үшін ол миллион көп нәрсе.Бірде бір ата-ана ондай приказды көрген жоқпыз, танысқан жоқпыз. Заң жүзінде олар қамқоршымен жеке-жеке сол приказбен таныстыруы керек еді.

Қазір университет ректорының орны бос тұр.Директорлар кеңесі де таратылған. Жиналғандар осындай кезде оқу ақысын қымбаттату ақылға қонымсыз дейді. Ал, студенттермен кездесуге шыққан проректор бәрі ережеге сай, бағаның өсуі нарық талабы деп отыр.

Надияр Мусин, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің проректоры:

Себебі, коммуналдық бағалар өсіп жатыр. Барлық бағалар өсіп жатыр. Мысалы сіздер нанды 2-3 ай бұрын 100 теңгеге алсаңыз, қазір 150 теңге.

Жақсыбек Кемал, тілші:

Студенттер мұнымен тоқтап қалмақ емес. Жақын күндері өзге облыстардағы ата-аналар да жиналып, оқу ақысын бұрынғысынша қалдыруды қайта талап етпек. Жиналғандар мәселеге министрліктің араласуын сұрайды.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу