Лицензиясынан айырылған 9 банктің салымшыларына ақшасы қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лицензиясынан айырылған 9 банктің салымшыларына ақшасы қайтарылды

04.07.2022

Лицензиясынан айырылған 9 банктің салымшыларына ақшасы қайтарылды. Бұл мәліметті Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры хабарлап отыр.

Еске сала кетсем, елімізде «Tengri», «Астана», «Эксимбанк», «AsiaCredit» секілді банктер жабылған болатын. «Capital Bank Kazakhstan» салымшыларына бір жылдың ішінде 1 млрд 600 млн теңге төленді. Бұл жалпы кепілді соманың 92 пайызынан асады. Бір адамға ең көбі 15 млн теңге берілді. Қазір ақшасын қайтаруды талап етпеген адамдардың қаржысын зейнетақы қорындағы шоттарына аудару жұмысы жүріп жатыр.Толық ақпаратты 1460 тегін нөмірі бойынша білуге болады.

Хабарламаларға жазылу