Қазақстандық кәсіпкерлер халықаралық көрмеге қатысып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық кәсіпкерлер халықаралық көрмеге қатысып жатыр

04.07.2022

Премьер-Министр Әлихан Смайылов ресейлік ірі компаниялар басшыларымен кездесіп, ынтымақтастықты бекіту жолын қарастырды. Екатеринбург қаласында өтіп жатқан XII «Иннопром» халықаралық көрмесінде биыл Қазақстан алғаш рет серіктес ел. Отандық 200-ден астам кәсіпорын өз өнімін ұсынды. Оның ішінде цифрландыру, металлургия, энергетика, машина жасау саласына қызығушылық жоғары. Үш күнге жалғасатын халықаралық шара аясында ірі бизнес жобаларға қол қою жоспарланып отыр.

Асхат Бозымбай, қолөнер шебері:

Мен өзім тері бұйымдарымен айналысамын, қазақтың қару-жарақтарымен. Бұл жерде тері бұйымдары да бар. Егер қызығушылық танытып жатса, қуана-қуана келісеміз.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу