Қызылордада жыл басынан бері 21 адам суға кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада жыл басынан бері 21 адам суға кетті

04.07.2022

Сыр өңірінде суға кету дерегі азаймай тұр. Соңғы бір аптада су айдындарында 4 қайғылы жағдай тіркелді. Аптап ыстықта өзен-көлдерден сая іздеген тұрғындардың шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамауынан өлім-жітім көбейіп отыр. Бүгінде Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы су айдындарында кезекшілік құрып, жағажайларды бақылауға көшті. Жалпы жыл басынан бері өңірде 21 адам суға батып, көз жұмса, оның жетеуі бала. Мамандар осы жағдайға байланысты дабыл қағып, тұрғындарды суға шомылу кезінде сақ болуға шақырады.

Нұржігіт Тұрғанбай, облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкері:

Облыс аумағында 64 қауіпті учаскі анықталған. Сол 64 қаупті учаскені қамтудамыз. Барлық қызметкерлер жұмылдырылуда. Суда қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз. Балаларды қараусыз қалдырмасын.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу