Әлеуметтік кодекске енгізілетін ұсыныстар қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік кодекске енгізілетін ұсыныстар қаралды

04.07.2022

Елдегі 1 млн 400 мыңға жуық отбасының әлеуметтік жағдайы ауыр. Әсіресе Алматы облысында статистика жоғары. 211 мың отбасы көмекке мұқтаж. Бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, халықтың әлеуметтік статусы туралы цифрлық картаны таныстырды. Әлеуметтік ахуал мәз емес. Жағдайды жүйелі түрде реттеу қажет. «Аманат» партиясы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында, осы тақырып талқыға түсті. Әуелі, Президент тапсырған Әлеуметтік кодекске енгізілетін ұсыныстар айтылды. Министрдің сөзінше, қазір цифрлық құжаттар әзірленіп жатыр. Жаңа заң мемлекеттен кім, қандай жағдайда және қандай көмек ала алатынын нақты реттеуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік кодекс жобасы аясында салаға қатысты барлық заң бір кодекске біріктірілуі мүмкін. Оның қатарында жұмыс беруші мен қызметкердің әлеуметтік саладағы міндеті, жәрдемақылар, атаулы көмек ,міндетті әлеуметтік сақтандыру, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдар да бар. Құжат биыл күзде Парламенттің қарауына жіберіледі.

Динара Зәкиева, Республикалық отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің төрайымы:

6 млн отбасының жартысына көмек керек. 1 млн 145 мың адам дағдарыста. 625 мың аз қамтылған отбасы тұрады. Біз бұл өзекті мәселелерге тиісті шешімдерді көреміз деп үміттенеміз. Ол жәрдемақыға, АСП-ға байланысты.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу