Данияда қарулы жігіт 3 тұрғынды атып өлтірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Данияда қарулы жігіт 3 тұрғынды атып өлтірді

04.07.2022

Дания астанасы Копенгагендегі сауда орталығында ер адам оқ жаудырып, 3 тұрғынды мерт қылды. Тағы бірнешеуі жараланған. Оқиғадан кейін 22 жастағы азамат тұтқындалды. Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, күдіктінің әрекетіне «терроризм актісі» деген сипаттама берілуі мүмкін. Ұсталған адамнан винтовка мен оқ-дәрі тәркіленді. Және де тәртіп сақшылары оны «этникалық дат ұлтының» өкілі деп атады. Оның бұл шабуылды неліктен жасағаны белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Фрида Кононен, студент:

Мен үшін атыстан кейін ес жию қиын болды. Әлі сене алар емеспін. Бірінші рет мұндай оқиғаға куә болдым. Көңілім жабырқаулы. Қаншама адамның өмірі қиылды

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу