Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған 90 отбасы бүгін пәтер алып, жаңа қонысқа жайғасты. Жалдамалы баспаналар көп балалы, тұрмысы нашар отбасыларға және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға берілді. Сондай-ақ күрделі жөндеу жасалған екі орталық көшенің бөліктерінде жұмыс аяқталып, көлік қозғалысы жеңілдеді.
Жаңа үйге кіре сап, дастарханын жайып жіберген Күлайымның қуанышында шек жоқ. Әсіресе ұлдары мәз. Өйткені көп балалы отбасы баспана кезегін 7 жыл күтті. Сәулетті әрі кең пәтер енді бұл жанұяның қонақжай әрі ырысты мекені болмақ.
Күлайым Жаппарқұлова:
Қуаныштымын. Ең бастысы сабыр, үмітімізді үзген жоқпыз. Бүгін міне қуанышты күнімізге жеттік. Үй бірінші кіргеннен өте қатты ұнады.
«Тұран» шағын ауданынан бой түзеген көпқабатты тұрғын үйлерде тұрғындар үшін барлық жағдай жасалған. Пәтерлер оларға сатып алу құқығынсыз жалға беріліп отыр. Көпбалалы отбасылар үшін мегаполисте бүгінде 20 тұрғын үйдің құрылыс жүруде.
Шаһардың күре жолының бірінен саналатын Адырбеков көшесінің 4 шақырымдай жері күрделі жөндеуден өтті. Небәрі 7 метр болатын көшенің енді үш есеге кеңейді. Төрт жолақты көшемен тәулігіне 56 мың автокөлік емір еркін қозғалатын болды. Жалпы биыл Шымкент қаласының орталығы мен шалғай аймақтарындағы 187 көше жөнделуде.
Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі:
310 шақырымдай жол аяқталады биыл. Ең бастысы біз күштің бәрін елді мекендерге беріп жатырмыз. Жыл бойы орталық көшелерге күш салдық. Соны қазан айының аяғында 100 пайыз аяқтап шығамыз.
Сондай-ақ бүгін Қонаев даңғылының жалғасындағы жұмыстар аяқталып, көлік жүре бастады. Үш кезеңге бөлінген күрделі жоба аясында 600 метр жерге асфальт төселіп, теміржол көпірі, жаяу жүргінші өткелі салынды.
Ғани Қалмаханов