Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне қатысты тергеп-тексеру басталды.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өңірдегі департаменті аталған білім ордасында өзге университеттерге қарағанда оқу бағасы 35-60 пайызға жоғары екенін анықтады. Атап айтқанда, «Стандарттау, метрология және сертификаттау», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Ақпараттық жүйелер» сияқты мамандықтар бойынша оқу құнынында теңсіздіктер байқалған. Бұл – өңірдегі Инженерлік-гуманитарлық институт пен Сафи Өтебаев атындағы Мұнай және газ университетіндегі негіздемелермен салыстырғандағы көрсеткіш.
Жандос Темірғали