Елордада «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды. Мұнда дамуы тежелген сәбилерге көмек көрсетіледі. Емдеу орны ақпан айында жұмысын бастап кеткен. Осы уақыттың ішінде 200 ден астам бала ем алып үлгерді. Әкімдік ғимарат бөліп, Самұрық – Қазына 90 млн теңгеге құрал-жабдықтарын алып берген. Мұнда 3 айдан 3 жасқа дейінгі сәбилерге ем-дом жасалады. Осылайша ерте жастан кешенді көмек көрсетіліп, балалар мүгедектігінің алдын-алуға әрекет жасалады.
Дина Тәжібаева, «Қамқорлық» ерте араласу, оңалту орталығының меңгерушісі:
Өздігімен жүрген балалар бар. Оншақты бала өздігімен жүрді. Тоқсаннан астам бала бірінші лепет дейді ғой, соны айтты. Ана деген сөзді айтқан қырық баладай бар. Өздігімен отырған, еңбектеген балаларымыз бар.
Шерхан Жамбылұлы