Тұрғын үйді жалға беру бағдарламасы үшін Отбасы банкіне 3 млрд теңге аударылды. Жалпы республикалық бюджеттен бұл бағдарламаға 40 млрд теңге қаралған. Отбасы банкі 6 мыңнан аса өтінішті қабылдап, мақұлдады. Жауаптылар қазір азаматтардың өтінішін қабылдау процесі жеңілдегенін айтады. Банктің ресми сайты ақылы онлайн құжат тапсыруға мүмкіндік бар. Бағдарламаның шарты бойынша 50% - мемлекет есебінен өтеледі. Қалған 50%-ды баспананы алған азамат төлейді. Пәтерді жалға алу бағдарламасына 4 санат бойынша үй кезегінде тұрған адамдар қатыса алады. Олар бірінші және екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар және олардың отбасы, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен көпбалалы отбасылар.
Ақерке Бектас