Елордада қала күніне орай «Керуен Фест» жобасы өтті. Іс-шара қазақ халқының ұлттық құндылығын, мәдениетін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды. Сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтарына уақытты тиімді пайданалып, жастардың әдет-ғұрып, дәстүрмен танысуына мүмкіндік жасалды. Сегіз сағатқа созылған шарада киіз үй тігу әдісі көрсетіліп, қолөнер бойынша шеберлік сағаттары өтті. Темірден, ағаш пен саз балшықтан жасалған бұйымдар жәрмеңкеге қойылды. Балалар жылына орай, тегін аквагрим шақыртылып, танымдық кездесулер мен ұлттық ойындар ұйымдастырылды.