Еуропалық Одақ жаңа көліктердің қауіпсіздік жүйесіне қатысты талапты күшейтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропалық Одақ жаңа көліктердің қауіпсіздік жүйесіне қатысты талапты күшейтті

07.07.2022

Еуропалық Одақ жаңадан шығатын көліктердің қауіпсіздік жүйесіне қатысты талапты күшейтті. Жаңа ережеге сәйкес, Одақта жасалатын жеңіл көліктерге енді жаңа технологияны енгізу міндет. Яғни қарт құрлықтағы темір тұлпарларда бұдан былай бейнекамера, рөлдегі жүргізушінің жағдайын бақылайтын детекторлар болуы керек. Сондай-ақ, апатты жағдайда автоматты түрде басылатын тежегіш жүйесі, тіпті ұшақтағыдай оқиғаның қалай орын алғанын жазып отыратын «қара жәшік» те орнатылуы тиіс. Еуроодақ басшылары «осындай ақылды технологияның арқасында 2050-жылға қарай, қарт құрлықта жол апатынан ешкім опат болмайды»,-деп отыр.

Тьерри Бретон, ішкі нарық жөніндегі еурокомиссар:

Бұл-жаяу жүргіншілер мен жолаушылардың, велосипед тебушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жоба. Осының арқасында біз 2038 жылға қарай 25 мыңдай адамның өмірін сақтап қаламыз. 140 мың ауыр жарақаттың алдын алуға мүмкіндік береді.

Нұрсұлу Қасым


Хабарламаларға жазылу