Алашаңқай мен Қорғас Қытай-Қазақстан шекаралық өткелінде жүк пойыздары тасымалы апта соңына дейін тоқтады. Алайда Қытай – Еуропа бағыты бойынша жүк пойыздарын тасымалдауға кедергі жоқ. Бұл туралы Қазақстан темір жолының баспасөз қызметі хабарлады. Оның себебін Қытай-Қазақстан шекарасындағы кептеліс салдарынан деп түсіндірді. New Silk Road Intermodal компаниясының бас директоры Джеки Ян тасымал 9 шілдеден кейін де тоқтауы мүмкін екенін айтады. Бірақ бұл пойыздардың арнайы белгіленген аралықта жүруіне әсер етпейді деп отыр. Мамырдан бері бұл шекарада 25 мыңнан аса контейнер жиналды. Бірақ тәулігіне бар болғаны 50 контейнер өткізіліп жатыр.
Ақерке Бектас