Шымкентте алаяқтық жолмен жұрттың 40 миллион теңгесін иемденіп кеткен әйел ұсталды. Ол баспанасы жоқ жандарға мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алуға көмектесемін деп ақшаларын алдап алған. Тағы біраз адамға кәсіпкерлікті қолдау қаржысын алып беруге уәде еткен. Осылайша алаяқтықтың арбауына Түркістан облысы және Шымкент қаласының 39 тұрғыны ілігіпті. Полиция күдікті әйелді ұстады. Оған алаяқтық жасады деген айып тағылып, іс сотқа жолданды.
Ғани Қалмаханов