Үкімет басшысы кәсіпкерлік қызметті «таза парақтан бастап» реттеуді енгізу және мемлекеттік бақылау мен қадағалауды автоматтандыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Жиында ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қоғамдық тамақтану, сауда, қонақ үй қызметтері, көлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы реттеуші актілерге жүргізілген талдаудың базалық шарттарға сәйкес келмейтін айтты. Сонымен бірге, алдағы уақытта ақпарат және байланыс, компьютерлік бағдарламалау саласы, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, жинақтау, тау-кен өнеркәсібі және құбыр көлігінің қызметін тексеру жоспарланып отыр.
Премьер-Министр Әлихан Смайылов бизнеске көбірек еркіндік беру туралы айтты. Бұл Үкімет жұмысының басым бағыттарының бірі болмақ. Осы мақсатта орталық мемлекеттік органдардың «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп, реттеуші актілерді қысқарту бойынша жұмыс жүргізуі тиіс екенін жеткізді.