Бұдан былай елімізде балалар буллингінің алдын-алу қағидалары әзірленіп, ғаламтордағы заңсыз контенттерге қарсы іс-қимыл нормалары енгізіледі. Бұл туралы бүгін Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысында айтылды. Сонымен қатар балалар амандығының индексі жасалады. Бұл құқықтық, психологиялық мониторинг жүргізуге мүмкіндік бермек. Комиссия төрайымы Аида Балаева балалар арасындағы суицид мәселесі ең өзекті әлеуметтік проблеманың бірі болып отырғанын айтты. Сонымен қатар бейнеконференцияда ауыл әйелдерін кәсіпкерлікке баулу тақырыбы да қозғалды.