Өзбекстандағы ахуал: Зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстандағы ахуал: Зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ

08.07.2022

Нүкіс қаласындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы біздің елдегі Өзбекстан елшісі Саидикрам Ниязходжаев мәлімдеді. Дипломат қазір Қарақалпақстанда жағдайдың тұрақты екенін жеткізді. Барлық мекемелер жұмыс істеп тұр. Қарақалпақстандағы қазақстандықтарға көмек көрсету үшін жедел штаб құрылды. Штаб Нүкіс қаласы Пушкин көшесі, 22-үйде орналасқан.

Саидикрам Ниязходжаев, Өзбекстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:

«3-ші 5-ші шілде күндері шекарада өткізу пунктінде болған Қазақстан азаматтарын өткіздік. Барлығы елге оралды. Елшілік бар, консулдық бар, барлық жағдайды жасадық».

Жедел штаб Қарақалпақстан астанасындағы көші-қон және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ғимаратында орналасқан. Осы елдегі отандастарымыз мына телефондар арқылы көмек сұрай алады: +9989 61 244-82-06; +99899 385-86-44. Штаб тәулік бойы жұмыс істейді.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу