Қостанай облысын еліміздің батысымен жалғайтын 114 шақырым жолға төрт жыл бұрын күрделі жөндеу басталды. Жұмыс жоспарға сәйкес жүріп жатыр, келер жылы толық аяқталуы тиіс. Алайда мердігер компания өкілдері «Құрлысқа қажет материалдардың бағасы шарықтап кетуінен шығынға баттық» дейді.
Төрт ауданды басып өтетін күре жолдың жаңартылмаған 21 шақырымы қалды. Бұл нағыз күрделі бөлігі. Жол табаны қайта төселіп, төрт жолаққа кеңейтіледі. Мұнан бөлек екі жол айрығы мен бір темір жол өткелі салынады. Жыра, сай көп болғандықтан тегістеудің өзіне 3,5 миллион текше метр топырақ керек. Рудныйдан Әйет өзеніндегі көпірге дейінгі 19 шақырымның жобалық сметалық құны 21 миллиард теңге. Мердігер бұл қаржы қазіргі бағамен жеткіліксіз болып қалды дейді.
Геннадий Убей-Волк, мердігер:
Құнына қарамай қажет материалдарды сатып алып жатырмыз. Қымбатшалықтың бірінші себебі ресей рублінің көтерілуі. Су өткізгіш құбырлар, металл бұйымдарды көрші елден аламыз. Қазавтожолдың бас кеңсесіне сметаны қайта есептеуге өтініш бердік. Сотқа да жүгіндік.
Келісім-шарт бойынша мердігер техникалық талаптарды мүлтіксіз орындауға міндетті. Қымбатшылық қыспаққа алды екен деп үнемдеуге болмайды. Сондықтан жұмысты қадағалаушылар қалғымайды.
Әлібек Қуантаев, Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының инженері:
Біздің мекеме тек сапасын тексереді. Сынама алып зертханада зерттейміз. Асфальттың қалыңдығы мен басқасын. Қортындысын тапсырыс берушіге береміз.
Мәтін: Тапсырыс беруші жақ әзірге жұмыстың жоспарға сәйкес, әрі тиісті талапқа сай жүріп жатқанын айтады. Көпшілік оның игілігін көп ұзамай көре бастайды- дейді.
Андрей Горват, «Қазавтожол» АҚ ҚОФ директоры:
Жоба бойынша құрылысты келесі жылы аяқтауға міндеттіміз. Бірақ жүргізушілер мен жолаушылардың жағдайын ойлап, биыл қос бағытта қозғалысты ашсақ деп отырмыз.
Мердігер қосымша қаржы сұрап отыр, алайда бұл талабы орындала ма жоқ па әзірге белгісіз. Жауапты орындар әзірге ешқандай мәлімет бермеді.
Дәуренбек Әбдібек