Көкшетауда қалалық Полиция бастығының орынбасары ірі көлемде пара алғаны үшін қамауға алынды. Ішкі істер органының лауазымды тұлғасы өзге құқықтық құрылымның құзыретіндегі қылмыстық істі жауып беремін деп кәсіпкерден 50 мың АҚШ долларын алған. Бірақ, заңды белден баспақшы болған полицей облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің құрығына түсті. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.
Әділбек Серікұлы