«Астана жастары» жастар ресурстық орталығы «Үздік» жобасы аясында түсіндіру жұмыстарын бастады. Қала тұрғындарына мемлекеттік бағдарламалар мен гранттар бойынша ақпараттық жадынамаларды таратуға еріктілер де қосылған. Олар қазірдің өзінде жоспарланған 27 базардың 14-ін аралап шыққан. Жобаның негізгі мақсаты NEET санатындағы яғни білімі жоқ, жұмыссыз жастарға бағдарламаны түсіндіру. Сонымен бірге, олардың арасында 15 бағыт бойынша жұмысшы мамандықтарының имиджін қалыптастырып, байқау ұйымдастыру жоспарланған. Ұйымдастырушылардың сөзінше, жобаға қызығушылық танытып жатқандар жоқ емес.
Жангүл Қамбар, «Астана жастары» ЖРО Neet санатындағы жастармен жұмыс бөлімінің қызметкері:
Аталмыш жобамыз «Үздік» жобасы 27 маусым күні өз бастауын алған болатын және де ол жылдың соңына дейін жалғасады. Бұл буклетте мысалы тұрғын үй мәселесінен бастап бизнеске дейін бағдарламалар көрсетілген және көбісі біле бермегендіктен біз негізгі назарды осы базарларға аударған болатынбыз.