Өскеменде 4 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде 4 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті

14.07.2022

Өскеменде 4 жастағы бала көпқабатты үйдің төртінші қабатынан құлап кетті.

Бүлдіршіннің анасы үй шаруасымен айналысып жүргенде, ашық тұрған балконға шығып кеткен. Жазатайым жағдайға ұшыраған сәби жедел жәрдеммен қаладағы көпсалалы ауруханаға жатқызылды. Басынан жарақат алып, бір қолының жіліншігі сынған. Дәрігерлер бірден операция жасады. Отадан соң, сәби жансақтау бөліміне жатқызылған.

Кешеден бері нейрохирургия бөліміне ауыстырылды. Денсаулығы да біртіндеп оңалып келеді. Ұйқысы тынышталып, тамаққа тәбеті жақсара бастаған.

Дәрігерлердің айтуынша, басындағы жарақаты жақсарса, бірнеше күнде ауруханадан шығарылмақ.

Хабарламаларға жазылу