Ал нарықта осы дизель тапшылығы мәселесін шешу үшін мұнай өңдеумен айналысатын бөлек ірі зауыт салу керек. «Атамекен» палатасы төрағасының міндетін атқарушы Райымбек Баталов осындай ұсыныс айтқан. Рас, қазір шаруаларды дизельдің қымбаттауы алаңдатып отыр. Сондықтан мәселені кезең-кезеңімен шешу қажет. Бүгінде елде тек 3 ірі мұнай өңдеу зауыты бар. Бірнеше шағын кәсіпорын жұмыс істейді. Сонымен бірге елде аргобанк ашу ұсынысы қарастырылып жатыр. Бұл шаруалардың сұранысынан кейін қолға алынға іс. Қазір несие алу үшін шаруаларға 35 құжат дайындау керек. Агробанк бюрократияны азайтып, фермерге жеңілдетілген тәртіпте несие беруі керек дейді жауаптылар.
Ақерке Бектас