Шығыстағы Бұқтырма су қоймасынан қайығы батқан 24 турист құтқарылды.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, сол маңдағы ақылы қызмет көрсететін қайық демалушыларды бір нысаннан екіншісіне апара жатқан. Осы тұста аяқ астынан нөсерлі-дауыл соғып, дүлей толқын қайыққа қауіп төндіреді. Туристердің қайығы бата бастағанын сол маңда жеке маторлы қайықпен жүрген бірнеше адам байқап қалады. Бірден көмекке келеді. Әуелі қайықтағы балаларды жағаға шығарады. Одан соң бірнеше рейс үклен адамдарды аман-есен алып шыққан.
Қайықта болған 24 адамның тоғызы – кішентай бала. Нөсерлі дауылда толқынға тап болғандардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Ал су бетіндегі дауылдың жылдамдығы секундына 20 метрге жеткен.