Алғаш рет Шекспир елін таңдай қақтырған қазақ қаламгерінің қойылымы Астанадағы оқушылар сарайында сахналанды.
Қойылымының орыс тіліндегі нұсқасы Санкт-Петербург театры труппасының көмегімен сахналанса, қазақ тіліндегі «Транзит жолаушыны» отандық әртістері шебер ойнап шықты.
Үш тілге тәржімаланған туынды өне бойы диалогқа құрылған. Сондықтан болар, екі зейнеткердің ғибратты әңгімесі, отбасылық драма үш тілді көрерменнің де көңілінен шықты, дейді автор.
Ағылшын тілді аудитория автордың өзге де шығармаларымен таныса алады. Шет тіліне аударылған «Гауһартас» атты кітабы жақында оқырман қолына тиеді.
Әлия ӘШІМ