Қостанай облысындағы Шилі ауылында құрылысына 200 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалған бөгет қирап, жиналған су ағып кетті.
Жангелдин ауданына қарасты елді-мекенге бұл гидронысан екі жыл бұрын салыныпты. Осы бөгет арқылы жиналған су мал суаруға, басқа да ауылшаруашылық мақсатына пайдаланылуы тиіс еді. Алайда биылғы тасқын кезінде бір жарым метрге де жетпейтін бетон қабырғадан су асып, ағып кетті. Соның кесірінен тиісті мөлшерде қор жинау мүмкін болмады. Ол аздай бетон блоктар әр жерден тесілген. Сөйтіп бар судың өзі жаз бойы сыздықтап ағып, шалқып жатуы тиіс айдын шалшыққа айналды. Ал Жангелдин ауданы әкімдігіндегілер нысан сапасына мердігер үш жылға кепілдік беретінін айтады. Сондықтан ақауды өз есептерінен қалыпқа келтіруі тиіс.
Айдаралы Талпақов, Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары:
Мердігер компания бұл құрлысқа нақты қандай материал пайдаланғанын білмеймін. Бірақ жобаға сәйкес салынған. Егер ақаулар анықталса, бүлінген жерін қалыпқа келтіру бойынша оларға хат жазамыз.