Алматыдағы тозығы жеткен апатты үйлер бюджет есебінен бұзылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы тозығы жеткен апатты үйлер бюджет есебінен бұзылады

18.07.2022

Алматыдағы тозығы жеткен апатты үйлер бюджет есебінен бұзылады. Бұл туралы тұрғындармен кездескен қала әкімі Ерболат Досаев айтты. Қазір шаһарда ескі үйлерді бұзып орнына жаңасын салу, яғни, реновация бағдарламасы әзірленіп жатыр. Бірінші кезекте, құлағалы тұрған апатты жағдайдағы баспаналарға қаражат бөлінеді. Сондай-ақ сол баспаналардың тұрғындарын қоныстандыру мәселесін шешу үшін мердігер компаниямен келіссөздер жүргізіліп жатыр деді шаһар басшысы. Жаңа бағдарламаны күзге дейін дайындау жоспарланған. Жоба бойынша Алматының қай ауданында қандай үйлер бұзылатыны анықталмақ.

Ерболат Досаев, қала әкімі:

30 жылға жетпейміз. Қазір қарап жатырмыз. бағдарламаға өзгерістер енгізейін деп жатырмыз. Жергілікті бюджеттен ақша бөлу керек деп ойлап отырмын.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу