Құтқарушылар Алматы тауларында жоғалып кеткен туристі іздестіріп жатыр.
28 жастағы тұрғын үш күн бұрын тауға шығып, содан бері хабар-ошарсыз кеткен. Алаңдаған туыстары Төтенше жағдайлар департаментіне қоңырау шалып, көмек сұраған. Айтуларынша, 17 шілде күні кешқұрым Данияр Көк жайлау бағытына жолға шыққан. Үлкен Алматы көлінің бақылау-құтқару пунктінің мамандары түнгі 23.50-де жоғалған туристі іздеуге аттанды.
Жазира Оразқызы