Батыс Қазақстанда кәсіпкерді өз үйінде атып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда кәсіпкерді өз үйінде атып кетті

19.07.2022

Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында белгісіз біреулер дүкен иесін өз үйінде атып кетті.

Оқ дәл басынан тиген кәсіпкердің денесі үйінің кіреберісінде жатқан. Аулаға кіретін есіктің қасынан белгісіз маркалы аңшы мылтығы табылды. Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, кәсіпкердің денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілген. Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабынының бірінші бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізу ісі басталды.

Хабарламаларға жазылу